Уын төгіп тіліңнің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Уын төгіп тіліңнің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 539
Уын төгіп тіліңнің,
Қорламағың кім еді?
Қорғаның еткен іріңнің
Тегін жұрт түгел біледі.
Анасын теуіп ойнайды,
Көргенсіз бала деген бар.
Соның кебін кигенің
Емес пе шырақ, өзіне ар?
Ол да өзіңнің тарихың,
Өткенге, ұқсаң, осқырма!
Ортаңда отыр дұшпанын
Таба боп егес бос құрма.
Әуелде құдай жаратқан,
Құл емес оны адам қып.
Құл атын берген қорлағыш,
Жатып ішер надандық.
Кімнің де болса түп-тегі
Адамдығы танытар.
Хикметтерді не түрлі
Тек жүрегі ізгі жан ұғар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уын төгіп тіліңнің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Уын төгіп тіліңнің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уын төгіп тіліңнің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уын төгіп тіліңнің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері