Аңсауменен өтермін – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Аңсауменен өтермін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 542
Түсімде өзі аян беріп,
Алла қосқан жан жарым.
Біліп бәрін қарсы алып ем
Алдымда арай тан барын.
Алдамады Алла өзі
Әмір кештім шуақты.
Мейірің нұр боп сәуле шашты
Ұямызда тұрақты.
Саған беріп өмірімнің,
Бар тізгінін, түйінін
Арайына бөленіп ем
Ақ махаббат күйінің.
Отыз жылдай өмір өтті,
Шытыспаған қабақты.
Жарасымды ғұмыр көпті
Таңдандырып қаратты.
Жантайым деп жанымды ұғып
Мерейімді көтердің.
Жан қалаулым, қайран Ғабам,
Аңсауменен өтермін.

01.10.1998 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсауменен өтермін өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Аңсауменен өтермін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңсауменен өтермін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңсауменен өтермін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері