Госпитальда – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Госпитальда» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 786
Жатырмын үнсіз, кең бөлме,
Ерекше бойға күш тарап.
Тағдырға адам көнген бе,
Өмірге бәрі құштар-ақ!
Мұңы бір осынау достармен,
Атуда үміт таңдарым.
Әнеки, біреу қос қолмен,
Тірейді жерге балдағын.
Сәуленің көзі терезем,
Сәулеге тосам бетімді.
Арманнан ағып көл, өзен,
Қанаты ойдың жетілді.
Аңсаймын кімді, білмеймін,
Қараймын сыртқа тағатсыз.
Кірпікті кейде ілмеймін,
Ұшайын қайда, қанатсыз...
Өмірдің жанға күйін ап,
Серпілтіп ойды, денені.
Балдақтың бәрін жиып ап,
Отқа өртегім келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Госпитальда өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Госпитальда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Госпитальда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Госпитальда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері