Алдадың... оңашаға алып қаштың

Бұл бетте «Алдадың... оңашаға алып қаштың» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Алдадың... оңашаға алып қаштың,
Күн іздеп арасынан жарық тастың.
Кешпеймін, есім барда кеше алмаймын,
Бақытты етіп сені жарытпаспын.
Туған ел, туған жерден қаштық алып,
Көрмедін, жүзімдегі жасты неғып.
Досымнан, туысымнан жырақтаттың,
Тағдырды талайыма бас құда ғып...
Өмірдің өтті қанша тасқыны ағып,
Келмеді тойымызға дос қуанып.
Елеусіз сыры жұмбақ қолыңдағы
Жарық тас өміріңе шашты жарық.
Кезінде мән бердін, бе, сен ұқтық ба,
Мастандың, бақытыңа жолықтың да.
Ортадан, тіршіліктен ала қаштың,
Айнытып, бұзады деп қорықтың, ба?..
Сырластан, жақыннан да ала қаштың,
Еркіме еркімнен тыс араластың.
Бәрі өтті, басымды иіп баяғыдай
Мен саған енді сеніп қарамаспын.
Сыйлады жастық жалын, жылдар екпін,
Барынша сезіп бәрін, жырлап өттім.
Бастағы ұшып-қонған бақытымды
Мен сенің өміріңе құрбан еттім.
Бәрі де ұмытылар, жылдар өтер,
Жарайды, берілмейін мұңға бекер.
Сен үшін құрбан етсем бақытымды,
Бақытын мен үшін кім құрбан етер?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдадың... оңашаға алып қаштың өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Алдадың... оңашаға алып қаштың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдадың... оңашаға алып қаштың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдадың... оңашаға алып қаштың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері