Ақыл тіс – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Ақыл тіс» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2543
Бауырым
Ауырған шамалы
Бір тісін тастады жұлғызып.
Тісіне күдікпен қарады,
Ой келіп өзіне бір қызық.
Дәрігер абайсыз суырып
Алды ма әлде ақыл тісімді,
Деп ойлап,
Мұқият жуынып,
Ақылсыз емесін түсінді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері