Мінажат – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Мінажат» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.12.2015
  • 0
  • 0
  • 5309
Тұманынан шаңқан күні көп Дүние!
Сараңдығынан дархандығы көп Дүние!
Иттігінен игілігі көп Дүние!
Күйігінен сүйгілігі көп Дүние!
Мен қадырыңды аз біліппін,
Білместіктен жазғырыппын...
Кешір! Кешір аңқауыңды!
Шарлағам жоқ бар тауыңды,
Түгел сүзіп орманыңды.
Өтпедім бар жолдарыңды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері