Теңізші сағынышы – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Теңізші сағынышы» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Теңізші күні-түні су бетінде,
Күзетте Мұзмұхиттың бір шетінде.
Көре алмай көк жиекке көз тігеді
Отанның өзі түгіл, суретін де.

Теңізші суда ширап, суда өседі,
Алыстан туған жермен тілдеседі.
«Шіркін-ай, бір тамшысы бал қымыздың,
Бір жұтсам, шөліркеуді білмес едім!..»

Теңізші су кешпейді, ой кешеді,
Алыстан арманымен сөйлеседі.
Ауылдан жатса да ұзап жұлдыз-қыздар,
Жұлдызын бұ да таппай қоймас еді.

Теңізші ой кешеді, – мұң кешеді,
Есіне түскен сайын күн кешегі.
Сарғайтқан сағынышта жақсылық бар:
Ер онсыз ел қадірін білмес еді?!


Пікірлер (2)

Женыс

Куштыы

Женыс

1 ден 10 н бал

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері