Мән мен сән – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Мән мен сән» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5035
Алма
Шырын болмаса,
Миға
Білім қонбаса,
Беске
Дәптер толмаса,
Балта
Ағаш жонбаса,
Көгал
Жасыл болмаса,
Болат
Асыл болмаса,
Жүйрік
Шауып озбаса,
Гүлдер
Бойын созбаса,
Жігіт
Қамды болмаса,
Ұл-қыз
Арлы болмаса,
Дүниеде сән қалмас,
Тіршілікте мән қалмас!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері