Тыншымадым – Құралай Омар

Бұл бетте «Тыншымадым» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Тыншымадым,
Түйсігімді тістелеп шымшыма мұң.
Хат жазысқан тәп-тәтті сәттерді аңсап,
Еріксіз өксігіме тұншығамын.
Амалымның
Жоқтығынан жүзіме жамалды мұң.
Сағындым ғой, сағындым, ерініңмен
Жасын сүртіп берсеңші жанарымның.
Біледі не?
Жете алмай жүрген жанмын тілегіне.
Мына аяз жауратты, жылытсаңшы
Жүрегімді орап ап жүрегіңе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыншымадым өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Тыншымадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыншымадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыншымадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері