Ақын, сазгер Кәкімбек – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Ақын, сазгер Кәкімбек» атты Мұзафар Әлімбаев жазған поэзия туралы өлең берілген.

Сайратып домбырасын кішкентайдан
Ән-күйді мейірлене құшқан тойдан.
Біржан сал, Ақан сері, Ыбырай әнін,
Жаттаған аспандата ұшқан бойдан.

Қайырмасы:
Таланты шалқыма,
Нық-берік салтына.
Сері ақын сал сазгер,
Кәкімбек шарқ ұрар.
Шабытты шағында,
Талаптың таңында
Сәуледей жарқырар,
Жаршыдай саңқылдар.
Ән-жырдан қуаныш
Сыйласын халқына.

Өмірден өнегелі көргені мол,
Халқынан қасиетті тергені мол.
Еліне адал бала бола білген
Әрқашан аз санайды бергенін ол.

Қайырмасы

Шығарған әуелетіп атын көкке,
Бұл күнде ақын көп пе, әкім көп пе?!
Заулатқан Жезкиігін сахарада
Жетіп ал ақын болсаң Кәкімбекке.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері