Сезіліп сырлы сөзімнен демім – Құралай Омар

Бұл бетте «Сезіліп сырлы сөзімнен демім» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1339
Сезіліп сырлы сөзімнен демім,
Бақытым жалғыз өзіңмен дедім.
Үңілсең егер көретін едің
Өзіңді ғана көзімнен менің.
Өшпейді мәңгі үміт – шырағым,
Ұмытшы мұңды, ұмытшы бәрін.
Өзіңсіз өксіп, жаураған жанды
Жүрегіңе орап жылытшы, жаным.
Күтемін десем жанарым талмай,
Неліктен мұңға жамалын малды ай?
Сағындым сені, сағындым, жаным,
Төзімім кеміп, амалым қалмай.
Жылжымас сәтке өкпелі екенмін,
Уақытты бекер сөккен екенмін.
Жолығыр болсақ ұғатын едің
Жүректе әлі көктем екенін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері