Торлады ма жанарымды әлде мұң – Құралай Омар

Бұл бетте «Торлады ма жанарымды әлде мұң» атты Құралай Омар жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 752
Торлады ма жанарымды әлде мұң,
Үздігемін, үзілердей әл-демім.
Түсінші деп кімге айтамын, жаным-ау,
Өз-өзімді ұға алмайтын халдемін.
Күдік күліп, үміттерім көз ілді.
Мөлдір тамшы мекендеді көзімді.
Аласұрып, сыймай барам әлемге,
Жолыққалы жоғалттым-ау төзімді.
Мазасызбын, бермеді ғой кеш тыным,
Көз алдымнан кетер емес кескінің.
Қара түнде хат жазамын қамығып,
Сені сүю кінәм болса, кеш, күнім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері