Бұл бетте «Әудем жер» атты Ақан Сері Қорамсаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әудем жер жүре алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Сайраған орта жүздің бұлбұлы едім,
Кәрілік келіп қалды қай жағымнан.
Сәулем-ай, а-ау, уаһау,
Қай жағымнан,
Шіркін-ау, қай жағымнан.
Қалу-қалу қала ләлу,
Қалала, лаллу ей, еһей ей-ей-ау.
Әудем жер жүре алмаймын белім ұйып,
Кім тілер кәрілікті жанын қиып.
Тиынды біреу берген олжа көріп,
Жүремін жас кісідей дүние жиып.
Сәулем-ай, а-ау, уаһау,
Қай жағымнан,
Шіркін-ау, қай жағымнан.
Қалу-қалу қала ләлу,
Қалала, лаллу ей, еһей ей-ей-ау.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі