Айтамын замандасқа біраз кеңес
- 0
- 0
Айтайын замандасқа біраз кеңес,
Жігіттік талап еткен жаман да емес.
Өнермен талпынам деп орға түссе,
Өкініп өз ісіне қайғы жемес.
Бұл бетте «Адамның біліміне ақыл серік» атты Ақан Сері Қорамсаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айтайын замандасқа біраз кеңес,
Жігіттік талап еткен жаман да емес.
Өнермен талпынам деп орға түссе,
Өкініп өз ісіне қайғы жемес.
Ақыл - шам, керек оған, май мен білте,
Сасарсың кеш боп қалса, егер ерте.
Кеш болмай күн бұрыннан жабдық сайлап,
Қолына түсіре бер бірте - бірте.
Ой, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр,
Толқыған он төртінде Айда жатыр.
Ат тұрса, атан тұрса көз салмайтын,
Арғымақ мың теңгелік тайда жатыр.
РАХАТ
РАХМЕТ
назерке
Рахмет
кенесым барын окындар
адамга ен алдымен былым керек