Ұятты беттен лақтырып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұятты беттен лақтырып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 562
Ұятты беттен лақтырып,
Көруге бәрін көнген көз.
Астына сәтте-ақ ат мініп,
Ақылды айғай жеңген кез...
«Аярға» жұмақ бұл жалған,
Тамұққа түсіп тас тұлға.
Үгіліп таулар құм болған,
Уақыттың аяғы астында.
Өсек ит, әне, қалды үріп,
Қойған соң бермей өткел көз.
Бағытсыз оқтай қаңғырып,
Күйкіге күйіп кеткен сөз.
Тұншығып от та өшеді,
Алғанға ер де, бергенге ез.
Бәріне мұның кешегі,
Куәгер болар көрген көз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері