Құлан қуғандай соңыңнан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Құлан қуғандай соңыңнан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 952
Құлан қуғандай соңыңнан,
Шапқылай берер «жынды» емен.
Ұстама менің қолымнан,
Көрсем де сені үндемен.
Болмайды қызық енді өмір,
Жазбаймын сұлу емге жыр.
Мен үшін кейде сен де бір,
Соғып та өткен жел де бір.
Жапырақты көмер тозаң, шаң,
Жүйріктен жүйрік озар, сан.
Бармаймын, іздеп, көрмеймін,
Көрмеуге сені төзе алсам?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері