Өлең, жыр, ақындар

Алтын балыққа тілек

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Алтын балыққа тілек

Алтын балық дәметкен қармақтай
Бақытымды іздеп жүрмін бармақтай.
Адасамын, теңселемін сол жолда,
Жел ығымен жүре тұғын қаңбақтай.

Қол жетпейтін арман болған талайға,
Алтын балық аулап алам қалайда!
Үшеу емес, бір-ақ тілек айтамын,
Ал сен соны орындайсың жарайма?

Бұл балықтан мәнді ғұмыр сұрармын,
Мен өмірге, мен өмірге құмармын.
Мүмкін менің қабыл болып тілегім,
Шыныменен қуаныштан жылармын.

Орындалса, маңдайымнан көрермін,
Өмірімді асылдармен өрермін.
Тағдыр меннен аямаса тартуын,
Өз құнынан артығымен төлермін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын балыққа тілек өлеңінің авторы кім?

Ғайникамал Сәдуақасова — осы өлеңнің авторы.

Алтын балыққа тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алтын балыққа тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғайникамал Сәдуақасова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын балыққа тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.