Көрінеді әрбір жұлдыз бір жұмбақ – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көрінеді әрбір жұлдыз бір жұмбақ» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Көрінеді әрбір жұлдыз бір жұмбақ,
Көзді тартқан ойыншықтай сыңғырлап.
Ақын сәби, сұлулықтың алдында
Өлеңменен тілі шыққан былдырлап.
Өмір толы ұлылықпен, еркелік,
Жасап кеткен ата бабам тер төгіп.
Ақын сәби соның бәрін өзгеге –
Жеткізе алмай өтетіндей өртеніп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері