Өлең, жыр, ақындар

Қапшағай теңізі

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1083
Сен болған соң жаңбыр да, бұлттар да көп,
Ағылады жолаушы сырттан да кеп.
Қариялар жатады қалбаң қағып:
«Көзің тиер, соншама сұқтанба», – деп.
Қарамастан таулардың шөккеніне,
Сонша терді бұл жерге төккені ме?
Таңғалады олар да
Жалғыз жылға
Тез арада теңіз боп кеткеніне.
Қиын емес долының басу мысын,
Танытқанда осынау ғасыр күшін.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп, көбік шашқан,
Теңіздердің көрдің бе ашулысын?!
Тынбассың елдің даңқын биіктетпей,
Мұнаралар төбесі тиіп көкке...
Сен әйтеуір сел тасқын болып жатсың,
Әрі қарай, басқа жаққа құйып кетпей.
Орап апты жаз теңіз, алтын жаға,
Бәйге атындай болдырмас толқын ғана.
Оқтай аққан қайыққа мініп алып,
Үйрендік қалқуға да, шалқуға да.
Қапшағайым, сөйтші бір ерлегенде,
Пысқырмадың өзен мен көл дегенге.
Сенің салқын саяңа асығамын
Кейде ерін кеберсіп шөлдегенде.
Жеттің сен орман, тоғай, тау, шыңды асып,
Еңбек атты торыға қамшың басып.
Жетісудың сен күретамырысың,
Жайғасып жатқан бүгін мауқын басып.
Әлі талай түн өтіп, таң ағарар,
Жағаң сенің талайға пана болар.
Толқып тулап жатырсың,
Ақ төсіңе
Әлі-ақ сенің шүйлігер шағалалар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нұрқан көшесінде

  • 0
  • 0

Әуелден қанық едім осы есімге,
Сақталған жұрт жүрегі, дос есінде.
Кеудемді ашып тастап, желге беріп,
Нұрқанның жүріп келем көшесінде.

Толық

Өзгерді...

  • 0
  • 0

Өзгерді...
Бәрі өзгерді...
Өзгергенін көз көрді.
Сұрапыл дауыл болардай

Толық

Жоғалған жүзік

  • 0
  • 0

Өндір жігіт
Өртенбей от ерінге,
Қимастықпен туған жер – мекенінде,
Мойнындағы міндетін ақтау үшін

Толық

Қарап көріңіз