Ей, өмір! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ей, өмір!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1736
Балалықты жоқтаумен жыл ұрлаған,
Өтіп бара жатырмын жиырмадан.
Сияқтымын ұйқыдан жаңа оянып,
Таңертеңгі төсегім жиналмаған.
Не көрсем де сорымнан көремін мен,
Осып жібер жонымды көк өріммен.
Сәске түсім болса да қозы-лағым
Ағытылмай жатыпты-ау көгенімнен.
Көк өріммен жонымды осып жібер,
Кеудеме кеп құйылсын тосын жігер.
Түтетейін өзімше түтінімді,
Ей, өмір, қазан-ошақ, қосымды бер!

1970


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері