Қалай ғана – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қалай ғана» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 972
Мұса Жалилден

Сөз маржанын төктім тізіп,
Құлағыңды салмадың сен.
Тереңнен сыр айттым сүзіп,
Қаперіңе алмадың сен.
«Иланбаймын» дейсің маған,
Айтсаң етті сәл ойлана.
Жүрегімді жарып саған
Көрсетермін қалай ғана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері