Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2015
  • 2
  • 3
  • 75084
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы.
Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі — ол баяғы.

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!


Пікірлер (3)

Ақниет

Ақниет

Анонимдік комментатор

Күшті жазылған маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері