Сүйіндік баба – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Сүйіндік баба» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2112
Жеті түнде қараңғыны қақ бөлген.
Қайран баба жауға тізе бүкпеген.
Көз ілмеген қайқы қылыш асынып,
Елді қорғап Адай туын көтерген!
Қашан көрсең ән тұратын көгінде,
Қасиет бар Маңқыстаудың төрінде.
Атамекен- күн бесігім ыстық ғой,
Қайран баба,үнің қалған төсінде.
Жырламасам өшпес ерлік даңқыңды,
Мен қалайша қуантамын халқымды.
Ер Қосайдың – сүт кенжесі алыбы,
Шаңыраққа ие болған алтыны.
Сыр іздеймін, жыр іздеймін өзіңнен,
Ғасырлардан ақ таулардай тізілген.
Бабаларым өзі берген батасын.
Сүйіндікпіз, Сүйіндікпіз біз деген!
Өмір өзен қушағында талмастан,
Толқынымыз алға умтылып жалғасқан,
Сүйеніш боп бірімізге-біріміз,
Ата жолда адалдықпен жарасқан.
Азаттықтың таңы болған арманы,
Біздің дағы ойларымыз ел қамы.
Қасиетіңнен айналайын жан баба,
Әруағыңменен жебеп жүрсең болғаны!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері