Өлең, жыр, ақындар

Мен құмда өстім жалаңаяқ

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 962
Мен құмда өстім жалаңаяқ,
Құм қызуын сіңіріп,
Өкпек желге қарамай-ақ,
Қырдан самал сіміріп...
Мен Қиғаштың ақ жалында
Ақ толқынмен жарысқам,
Асаумен де, тұсаумен де
Ес білгелі танысқам.
Құйынмен де, боранмен де,
Толқынмен де алысқам,
Осылардың бірін көрмей
Өскендермен жарыспан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағынтып жылдар арада

  • 0
  • 0

Толқының тербеп жанымды
Сағынтқан сырбаз Жайығым.
Жағаңа тағзым етуге
Жете алмай жүрмін – айыбым.

Толық

Сені аядым...

  • 0
  • 0

«Бөлшектенсе, жан-дүние бөлшектенсін,
Көрінбесе, кім оны өлшеп көрсін,
Түгел болсам сырт көзге, болды» - дедің
Жұрттың көзін өзіңе өлшем көріп..

Толық

Халқым қалың жұрт атанса

  • 0
  • 0

Халқым қалың жұрт атанса,
Мен бір жалаң тінімін -
дәрежесі көкпен талас
хақ тұғырлы халқымның,

Толық

Қарап көріңіз