Өлең, жыр, ақындар

Әке ескерткішіне

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Терің тамған топырақ,
Терің тамған тастардан,
Өзің жатқан торқалы,
Топырақтан жастанған.
Ескерткішің соғылып,
Еңсең биік тұр, көкке.
Аққу сыңсып айналған,
Әуен тыңдай аспаннан.
Жазиралы дала анау,
Жанарыңды жандырған.
Өзен анау, көл анау,
Мейіріңді қандырған.
Асқар ала тау анау,
Асып белді талдырған.
Тоқсан тарау жол анау,
Іздеріңді қалдырған.
Бетегелі бел анау,
Желпінтіп ат суытқан.
Берекелі ел анау,
Ет бауырың туысқан.
Ақтық сені сапарға,
Аттандырып бәрі де,
Қабіріңе топырақ,
Салды бір-бір уыстан.
Өзің жүрген кездердей,
Бұлт төсі қақырап.
Кемпірқосақ керіліп,
Гүлдеп жатыр атырып.
Өзің көрген кездердей,
Жусан өсіп жайқалып,
Сайрап көкте бозторғай,
Сыбырлайды жапырақ.
Өзгеріс жоқ өмірде,
Бәрі де өзің көргендей.
Өтті-ау бірақ дүние,
Қас-қағымға тең келмей.
Жетегінде сағымның,
Желкілдейді күмбезің.
Боздап жылап боз інген,
Боз далада желгендей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке ескерткішіне өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Әке ескерткішіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әке ескерткішіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әке ескерткішіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері