Өлең, жыр, ақындар

Құрбыма...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 987
Мұнша бітеу болармысың, шіркін-ай!
Әзер тұрдым көз жасымды іркіп-ай,
Мелшидім-ау тас төбемнен ұрғандай,
Қатыгездік шын балалап тұрғандай!
Болмысыңды кеттім аяп пақырдай,
Ашу-ыза берген сонша жаратқан
Бақты айтасың, бақты айтасың, айтпашы,
Тым болмаса қойыпты-ау мұң татырмай!
Жуасып қалд бойымда қайсар қылық
Бітеулігің тастады тайсалдырып.
Тұла бойың тұтасқан надандыққа
Төтеп бере алмады-ау байсалдылық!
Шыдатпаған дәтім ед «бар, бар» деген,
Емексігем «бір үміт жалғар» деп ем...
Бір ой айтты «келмейді әлің, шоқ-шоқ» деп,
Жүрек айтты «баспа қадам, жоқ, жоқ» деп,
Санам айтты «түбі хайыр – берме сыр!»
Сезім айтты «жылап алшы, көл-көсір!»
...Көкірегіме әуен келді тербетіп,
Мен баяғы жылап тұрдым селдетіп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәтті қыз

  • 0
  • 0

Тәп-тәтті тілі былдырлап,
Балбұлақ күліп, сыңғырлап,
Шапқылап дала кезеді
Бір сәби өсіп келеді,

Толық

Мен де қырға айналдым

  • 0
  • 0

Биылғы жыл тікен шөп қырда қаулап өсіпті,
Молынан бір жайқалып гүл де осында көшіпті.
Қадамыңды бас байқап, тап болмағын шөгірге,
Қате басқан қадамдар жазаланар өмірде.

Толық

Толқыдым

  • 0
  • 0

Толқытып кеттің жүректі,
Жадырап жаным гүл екті.
Маржанын сүзіп тереңнен
Інжуін ойлар түлетті.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар