Алла атымен

Бұл бетте «Алла атымен» атты Шөмішбай Сариев жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 796
Ойға оралып небір сыр
Тай-құлындай дүбірлес,
Алла атымен өмір сүр,
Алла атымен ғұмыр кеш.
Арт жүгіңді иыққа,
Тірелгенде тұйыққа.
Алла атымен оянып,
Алла атымен ұйықта.
Көгілдір көк жиегім,
Басымды мен иемін.
Аллам берген махаббат,
Сол сезіммен сүйемін.
Бақыт болу мүмкін бе,
Жеткізген бізді бұл күнге.
Алла атымен халқым де,
Алла атымен ұлтым де!
Өміріңді оң біліп,
Бір Тәңірің – соңғы үміт.
Алла атымен сапар кеш,
Алла атымен жол жүріп.
Жомарт жерді ұйық де,
Адам бекер сүйіп пе.
Алла атымен тауға шық,
Алла атымен биікте.
Жаны жайсаң жайраңдар,
Жаса жастық сайран сал.
Алла атымен ұлт үшін,
Алла атымен майдан сал.
Пенделікті қоя ал сен,
Дүниеге тоя ал сен.
Алла атымен ұйықтап,
Алла атымен оян сен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алла атымен өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Алла атымен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алла атымен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алла атымен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері