Иә, Бекет! – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Иә, Бекет!» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1690
Жан ата, Алты Алашым ұран қылған,
Тылсым үн кетпей қойып құлағымнан.
Отанды өзіңе ұқсап сүйе біліп,
Шықсам деп, сағыныштың құмарынан.
Алыстан өзіңді аңсап, шөлдеп келдім,
Рұқсат бер сусындайын бұлағыңнан.
Қазақтың таңдандырған кең даласын,
Ұғынып әр киеңнің әр саласын.
Әрдайым есіміңді жырға қосқан,
Ұрпағың жаңғыртсыншы ой – санасын.
Бойыма даналықтың нәрін құйған.
Иә Бекет – Білім бұлақ, кең дариям.
Сен десем, өз ұлым деп, шаттанады,
Кең жылой – күн бесігім алтын ұям!
Иә, Бекет! Шұғылалы аппақ таңым,
Сен десе өн бойымда тулап қаным.
Ізіңнен сұлулықтың нәрін жұтып,
Жанымнан ақ жауын жыр ақтарамын!
Иә, Бекет – елдігімсің, ерлігімсің,
Арым мен намыс толы өрлігімсің.
Өзің деп, жау жүректі айбынды Адай,
Айқасқан қалың жаумен елім үшін.
Иә, Бекет – Мәңгілік жыр бас ұраным,
Алдыңда тағзым етіп бас ұраным.
Мен өзі Бекет атты ұлы сөзден,
Естимін ақпа күйін ғасырлардың!
Иә, Бекет! Көк байрағым көгімдегі,
Иә, Бекет! Иман құтым төрімдегі.
Иә, Бекет! Қателесіп жаңылыссам,
Түсіме аян беріп кешір мені!
Өзің деп, күмбірлеген жалын күймен,
Жарқылдап жанартаудай жырды сүйген.
Ізіңнен желкен құрған бір ұлың ем,
Демей гөр өзің жар болып,
О, Әулием!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иә, Бекет! өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Иә, Бекет! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иә, Бекет! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иә, Бекет! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері