Семсер жырдың иесі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1007
Семсер — жырдың иесі Сіз бе едіңіз,
Хош келдіңіз! Үмітті үзбедіңіз!..
Жүрегімді, санамды шиырлаған,
Жатыр Сіздің жосылып іздеріңіз.
Жүрегімді, санамды шиырлаған,
Сіз бе едіңіз сан жылдар сиынған ән.
Ақиқаттың ауылын шыр айналып,
Шыр-шыр етіп шарқ ұрып құйындаған.
Сіз бе едіңіз сол ақын шырылдаған,
Шарттылық, қасаңдыққа ұрынбаған.
Сіз жасаған қарап ап жыр-айнаға,
Бойы-басын түзейді бүгінде адам.
Жыр-айнадан көреді ел кемшілігін,
Кемшілігін, көзге ұрған ерсілігін.
Сіз жасаған айнаның алдында жүр,
егінші де, малшы да, кенші бүгін.
Сіз бе едіңіз сол ақын ел іздеген,
буырқанған мен Сізді теңіз дегем.
Өр іздеген жырыма бағыт берген,
өзіңізге арналар ең ізгі өлең.
Сертке соққан семсер - жыр
Сіз бе едіңіз,
Хош келдіңіз! (Көңілді бірледіңіз).
Жыр елінде, елімнің жүрегінде,
Жатыр Сіздің жосылып іздеріңіз...

Жамбыл қаласы.
1989 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Семсер жырдың иесі өлеңінің авторы кім?

Серік Томанов — осы өлеңнің авторы.

Семсер жырдың иесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Семсер жырдың иесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Томанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Семсер жырдың иесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері