Қызық көйлек киген қыз оттай жанды – Серік Томанов

Бұл бетте «Қызық көйлек киген қыз оттай жанды» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 3395
Қызық көйлек киген қыз оттай жанды,
Сол сол екен жүрегім шоққа айналды!
Аяғымнан әл кетіп тоқтай қалдым,
Ал жүрегім...жүрегім соқпай қалды!

Лап берді де ыстық леп отқа орады,
Есер сезім еркімді ноқталады.
Құдайдың бір әйтеуір сақтағаны,
Қызыл көйлек киген қыз тоқтамады.

Қызыл көйлек қайтіп сол көрінбеді,
Өшпей қалды өрт бейне көңілдегі.
Жанарымда біржола қалып қойды,
Лап бергені жалынның, шегінгені.

Жүр де мейлі бекерге жоққа налып,
Жалтақтаймын сол жаққа көп қадалып.
Шала жанған жігіттер жаман екен,
Өртеніп кетпеген соң отқа оранып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызық көйлек киген қыз оттай жанды өлеңінің авторы кім?

Серік Томанов — осы өлеңнің авторы.

Қызық көйлек киген қыз оттай жанды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызық көйлек киген қыз оттай жанды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Томанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызық көйлек киген қыз оттай жанды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері