Жыр десе – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жыр десе» атты Несіпбек Айтұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 995
Балалық бекетінен шапшаң өттім,
Жыр десе жүрегімді шақпақ еттім.
Алдыма салмасам да еншімді әлі,
Ат жалын тартып мінер шаққа жеттім.
Кей сөзім келмесе де иініне,
Шабыттың шыдамадым күйігіне.
Бір тайды маңдайыма жазған шығар,
Жүген ап кірдім жырдың үйіріне.

1969


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері