Өлең, жыр, ақындар

Астана, Алашымның арманысың!..

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 918
Шарықта,
Шабыт шақыр,
Арма, құсым.
Арқалап туған елдің
Ар-намысын.
Көтеріп
Тәуелсіздік алып келген
Кешегі
Алашымның арманысың!
ДҮЙСЕНБІ. ЖИЫРМА БІРІ. ҚАРАҢҒЫ ТҮН.

Айшықты
Ата-баба мәнерісің.
Өзіңмен өрнектелген жан өрісім.
Қазаққа көсем болып
Қол бастаған,
Азаттық,
Әлиханның әлемісің!
Қапасқа –
Қияметке барып қиын,
Қорғаған халық мұңын,
Халық күйін.
Ахмет ұлағатты іс қалдырған –
Ұлтының жазып беріп
Әліпбиін.
Алаштың қай кезде де
Ұраны – арман.
Тәңірден Азаттықты сұрап алған.
Өзі де ноян қазақ,
«Оян, қазақ!» –
Мәңгілік Міржақыптан мұра қалған.
Сәтбаев
Бұл даланың сырын білген,
Арнаған
Иманжүсіп жырын бірден.
Сейфуллин
Осында оқып,
Білім алып,
Қадірін
Бәрінен де
Бұрын білген.
Шалқыған осы арада
Өлең-дастан.
Өтпеді дейсің дүние нелер бастан?!
Деп салған
Дес берместен
Ғазиз ақын:
«Әнші жоқ Қараөткелде менен асқан...»
Аңыз көп
Ақмолада толып тұрған,
Ән-жыры аталардың соны ұқтырған.
Өзінің Ғалиясын
Балуан Шолақ
Қараөткел базарында жолықтырған.
Болмады уақыттан озар тұлғаң.
Бөтен ой,
Бөгде сөзден тазартылған.
Астана Қараөткелде орнасын деп,
Қаншама оңды пікір – сөз айтылған.
Болған жоқ
Баянды іске мұрша мұнда.
Теңдік жоқ қазақ деген бір қауымға.
Алаштың айтқан сөзі іске аспады,
Тұрған соң компартия құрсауында.
Бұл істің күту керек артын ептеп,
Бір дәурен
Қалай мәңгі шалқып өтпек?!
Қан тамған қылышынан компартия
Басатын болды аяғын тәлтіректеп.
Өздері ұстап беріп бірін-бірі,
Жинады
Жан-жағына жырындыны.
Кеңестің келе жатты
Бірте-бірте
Құрдымға кетіп, мүлде
Құрыр күні.
Өз әрпін
Орысыңның зорға танып
Жүргендер
Шыға келді жорға атанып,
Қазақты «жарылқамақ» болады да,
Артынан жықпақ екен
Жарға апарып.
Қашаннан ұлтым – батыр,
Елім – ерен,
Қан жұтып,
Халқым үшін еңіреген.
Дақ түскен намысына
Қайран қазақ
Желпінді
Желтоқсанның желіменен.
Қарамай
Қыстың қатты ызғарына,
Жақты алау
Желтоқсанның мұздағына.
Қол соқты бүкіл әлем,
Разы боп
Қазақтың жігіттері, қыздарына.
Ер қазақ аямады жан-жүрегін.
Тап басып,
Таппаса да заңды жолын.
Ашынып,
Ақиқатын айтпақ болып,
Кеңестің кеңірдегіне салды қолын.
Өзгеше болды сосын ендігі арын,
Байқатып
Елдің құтын,
Жердің нәрін.
Жалп етіп,
Компартия құлады да,
Ақыры
Тәуелсіздік жеңді бәрін!
Құлпырып туған жердің төсі мүлде.
Жеттік біз
Жеңімпаз боп осы күнге.
Елорда –
Елдігімнің
Астанасы,
Айналды
Тәуелсіздік бесігіне!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адам!

  • 0
  • 0

Адам!
Адам бәріне сен кінәлі,
Көп қой сенде мансап пен шен құмары.
Алқам-салқам куә боп Арал жатыр

Толық

Қазақ тіліне қан керек

  • 0
  • 0

Жақсы бір хабар естідім,
Жадырап кетті жан кенет...
Көзіндей болған ескінің
Қазақ тіліне қан керек!

Толық

Жетім бұрыш

  • 0
  • 0

Бұл өзі қайдан шыққан «жетім бұрыш»,
Болғанмен бағытың дөп, бетің дұрыс.
Қазақтың өз жері емес,
Өз елі емес –

Толық

Қарап көріңіз