Алматының жолдары – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алматының жолдары» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2330
Алматының көшелері оқтай-ау,
Аспанымен астасады көк бояу.
Жолдарымен жүре бергің келеді,
Көңіліңде, өміріңде жоқ қаяу.
Алатауға алып барса таспа жол,
Көктөбеге көтереді аспа жол.
Жүрегіңді жаңа ауданмен жалғайды
Абай атты аса сұлу қасқа жол.
Бар көшесін баса алмассың бір күнде,
Бірақ, достым, бағытыңнан іркілме.
Таңғажайып жолдары бар қалада
Адамдардың адасуы мүмкін бе?
Алматының көшелері оқтай-ау,
Аспанымен астасады көк бояу.
Жолдарымен жүре бергің келеді,
Көңіліңде, өміріңде жоқ қаяу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері