Көктем – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Көктем» атты Несіпбек Айтұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 1
  • 2227
Ғажайып нұрға бөккен тіршілік бір,
Тұрғандай төсегінен сілкініп қыр.
Жауқазын қара тасқа көрік беріп,
Дүние күн көзіне ынтығып тұр.
Арудың келбетіндей айнадағы,
Көл бетін аққу келіп аймалады.
Әдемі аппақ төсті қос қарлығаш
Төбемде сағыныш боп айналады.
Лүп етіп әлі күнге жел тимеген,
Жанымның жазирасын желпиді өлең.
Қойдың-ау, о, табиғат, құлшындырып
Тағы бір көктем қызға мен сүймеген.

1967


Пікірлер (1)

Амина

Калай оленнен тусиник шыгарамыз достар????

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері