Өлең, жыр, ақындар

Дирижер

  • admin
  • 14.02.2026
  • 0
  • 3
  • 78
Пультте тұр, ойы жалқын, даңқы лаулап
Жайы жоқ күйдің кәзір аңқымауға.
Шаш жатыр шалқасынан,
батып-шығып
Басына кеткен білем толқын аунап.
Саусағы шыққан кезде биік қалқып,
Кей үнді бір пернеге түйіп, сарқып.
Дүниенің тарқатылған барлық жібін,
Тұрғандай екі қолға жиып тартып.
Жөнелер әдемі үндер күліп тұрып,
Таяқша жібергенде тіліп-тіліп,
Дирижер үбектейді пәре-пәре
Әлденені тігердей біріктіріп,
Әлденені түтердей түбіт қылып.
Сотқар күй кеткен кезде шекені ұрып,
Жатқан шаш бірте-бірте көтеріліп:
Пультте тұрады Ахаң дәл осылай
барлығын құдай құсап жеке біліп.



Пікірлер (3)

Зияда

дым күшті емес

Зияда

күшті ия ия

Алма

«Дирижер» — Ахмет Жұбановтың терең ойлы, бейнелі тілмен жазылған өлеңі. Бұл шығармада дирижердің аспаптар әлеміндегі ақ тер, жарық ойы мен сезімінің әуенге қалай айналатыны өте әсерлі суреттелген.

Өлеңнің поэтикалық көркемдігі оқырманға музыка мен сезімді бір бүтін ретінде сезіндіреді. Ақынның тілді шебер және мәнерлі қолдануы – бұл өлеңді қазақ әдебиеті сүйер қауымға, музыканттарға және өнерге қызығушылық танытатындарға ерекше әсерлі етеді.

Осындай шығарма арқылы музыкадағы ритм мен жүрек лүпілі арасындағы байланысты түйсініп, поэзия мен өнердің құдіретін бағалауға болады. Бейнелі әрі ойлы тілмен жазылған бұл өлең қазақ поэзиясының байлығын көрсететін әсерлі мысалдардың бірі.

Пікір қалдырыңыз

Ақаң

  • 0
  • 0

...Сөйлетуші ек жиылып со шалды бір,
Кездерінде күлкіге қосар мұңын.
Сезілетін осалдық кей сөзінен,
Ол да бірақ мықтының осалдығы.

Толық

Би күйі

  • 0
  • 0

Бұрқырап жөнелгенде осы бір күй,
Ойлайсың жалғыз тал гүл өсіруді.
Ту сыртыңда тұрады орман қалғып,
аунайды өзен алдында есігіңнің.

Толық

Әңгіме

  • 0
  • 2

Күй бірде скрипкада күйіп, түлеп,
Айналып ақ көңілді сүйіпті үдеп.
Үзіліп кетіп ішек –
Аңыз айтады:

Толық

Қарап көріңіз