Өлең, жыр, ақындар

Әңгіме

  • admin
  • 14.02.2026
  • 0
  • 2
  • 131
Күй бірде скрипкада күйіп, түлеп,
Айналып ақ көңілді сүйіпті үдеп.
Үзіліп кетіп ішек –
Аңыз айтады:
Ақаңның бір көзіне тиіпті деп.

«Бір басқа бір көз соған жарап қапты»
Тағдырды әрі айыптап, әрі ақтапты.
Бас жалғыз,
Жүрек жалғыз,
Көз де жалғыз –
Күйдегі Құнанбайға ел қарап қапты.

Жүріп ап отыз жасар адамдай тік,
Қосыпты күй сандыққа бабамды айтып.
Көп құлақ көп ауызға сене қалсаң –
Алмапты ол скрипканы содан қайтып.

Солай ма,
басқа ма әлде – біліпті кім,
Кім өлшепті аңыздың биіктігін.
Шығарады әйтеуір әр түрлі аңыз
мақтарда жұрт, өзінің сүйікті ұлын...



Пікірлер (2)

Аяулым

Өте керемет секілді

Жарас

Ахмет Жұбановтың «Әңгіме» өлеңі жүрекке ерекше әсер қалдыратын, сезім мен тағдырды нәзік жеткізетін поэзия.
Өлеңнің поэтикалық тілі мен бейнелі көріністері оқырманды бірден баурап алады — скрипка күйін, жалғыздық пен арманды, адам жүрегіндегі өмірі мен рухани күйді терең сезіндіреді. Әсіресе өлең жолдарында құнандық күніңнің әуені мен адам тағдырларының қиылысуы тартымды әрі бірнеше мағынаға толы айтылған — бұл поэзия қазақ әдебиетінің бай тілін айқын көрсетеді. Осындай шығармалар қазақ тілі мен поэзияның әсемдігін түсіну, сезіну үшін өте құнды.

Пікір қалдырыңыз

Дирижер

  • 0
  • 3

Пультте тұр, ойы жалқын, даңқы лаулап
Жайы жоқ күйдің кәзір аңқымауға.
Шаш жатыр шалқасынан,
батып-шығып

Толық

Би күйі

  • 0
  • 0

Бұрқырап жөнелгенде осы бір күй,
Ойлайсың жалғыз тал гүл өсіруді.
Ту сыртыңда тұрады орман қалғып,
аунайды өзен алдында есігіңнің.

Толық

Ақаң

  • 0
  • 0

...Сөйлетуші ек жиылып со шалды бір,
Кездерінде күлкіге қосар мұңын.
Сезілетін осалдық кей сөзінен,
Ол да бірақ мықтының осалдығы.

Толық

Қарап көріңіз