Өлең, жыр, ақындар

Қызыл дипломды қыз

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1912
Менің жақын досым болды,
Көңілдесім – қошым болды.
Бірде маған мақтанды кеп,
Барлық сырын ақтарды көп:
– Шын бақытты іздегенге,
Құт екен ғой қыз деген де.
Үлкен үміт үзілмеген,
Кілең «бестік» қызылменен
Мектепті ол тәмамдады,
Қызықтырды тәмам жанды.
Шалқып шаттық әніміз де,
Шын қуандық бәріміз де...
* * *
Сол досымды көрдім тағы,
Нұр дидары бал-бұл жанды:
– Алғыр-дағы, ұтымды қыз
Институтты бітірді қыз.
Қойып берген ағалалары –
Кілең «бестік» бағалары.
Дипломы қызыл болды,
Өшпейтұғын ізім болды.
Мен осыған бек мақтандым,
Әкесімін деп шаттандым...
Арада көп жылдар өтті,
Жылдар жылжып, жылдам өтті.
Аспирант боп сол қызымыз,
Балқып дене, толқыды жүз...
* * *
Досты тағы жолықтырдым,
Қуанышты болып тұрды:
– Қызым менің ғалым болды,
Мықтылығы мәлім болды.
Диссертациясын қызылменен
Қорғап шықты қызым ерен.
Мен де оған қуандым шын,
Дайын еді мың алғысым...
* * *
Жылдар өтті арамызда,
Сағыныспай қаламыз ба?
Досты тағы жолықтырдым,
Қуанышты болып тұрдым.
– Достым, қазір қызың қандай?
Сезініп жүр өзін қандай?
Отау шамын жаққан шығар?
Үш-төрт бала тапқан шығар?
Жақсы жауап тостым бір сәт,
Тұнжырады достым бұл шақ:
– Дипломдар алғанымен,
Кілең «қызыл» болғанымен,
Мені қазір қайғы басты,
Қызым әлі жалғыз басты.
* * *
Қызыл диплом аламыз деп,
Көп қашыққа барамыз деп,
Ойламапты ойсыз қыздар,
Қызылы мен қызығынан
Айырылып бір күн қаламыз деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұратбекке

  • 0
  • 0

Бізге берген уәдең ойыңда жоқ:
Өгіз соям деп едің, қойың да жоқ.
Той жасаймыз іс бітсе деген сөзге
Күдіктене қараймыз ойын ба деп.

Толық

Мүше

  • 0
  • 0

Екі аяғың сау болса,
Асулардан асарсың.
Екі қолың сау болса,
Жақсы заттар жасарсың.

Толық

Қайық

  • 0
  • 0

Көлшікте қайық жүздіріп,
Қызыққа Болат шын батты.
Күн, бірақ, қатты қыздырып,
Шалшықты лезде құрғатты.

Толық

Қарап көріңіз