"Сөйле" десең, сөйлейін – Базар Оңдасұлы

Бұл бетте «"Сөйле" десең, сөйлейін» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 9415
«Сөйле» десең, сөйлейін,
Көңіліңді сөзбен делбейін!
Жез бұйдалы мен наршаң,
Қосынды артсаң жетелеп -
Елпендеп неге ермейін.
Көптен бері сағынып
Бас қосқан соң сендермен,
Барымды бүгін сермейін!
Ықыласыңмен тыңдасаң,
Сөзімді пұлдап несіне -
Бойымды балап кернейін.
Атасы тегін жел сөзбен,
Бас - басыңа жетерлік
Еншіңді неге бермейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері