Өзімдей - ақ ұл туар – Базар Оңдасұлы

Бұл бетте «Өзімдей - ақ ұл туар» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 2
  • 4727
Дабылымды есітіп,
«Құмар» дейді көрмекке
Сонау жатқан төменгі -
Астраханның бойында,
Он екі ата - Байұлы.
Әлім менен Шөменнің
Мен едім даңқты шайыры!
Екі енені тел емген
Күпшек санды күреңмін,
Төсімнен тарса, жетпейтін -
Жуандықтан айылы.
Өзімдей - ақ ұл туар,
Бір адамның зайыбы.
Жырау боп атқа мінгелі
Әлім, Шөмен баласы-
Әңгімеме байыды.
Аузымнан шықан сөзіме
Дін мұсылман қайыды.
Халқына басы қадірлі -
Қайбір жерде жігіттің
Көрінсе көзге зайыры.
Қолы сақи пендеге -
Өлгенде тиер қайыры.
Қабыл алмай, алдымнан
Қазақ халқы кеткен жоқ -
Сөзімнің келсе қайымы.
Осы отырған әлеумет!
Көңліңді жырмен ауласам,
Болады қанша айыбы?!


Пікірлер (2)

Серахмет

"Пішәннің Төребайына кеулімқос" жылының мәтіні бар ма?

Серахмет

Бар болса, өтініш, мына ватсапқа жібере аласыз ба?

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері