Екі талай жер болса – Базар Оңдасұлы

Бұл бетте «Екі талай жер болса» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3841
Табаны жаудан таймаған,
Нағыз гөзәл сендерсің
Асыл туған негізің.
Екі талай жер болса,
Екі көздің біріндей
Мен едім қимас егізің.
Қазақты сүттей ұйытты,
Аузымнан шыққан лебізім.
Кереге жалды сендерсің -
Сақтаулы жүрген семізім.
Найза салса жетпейтін
Ақылға терең теңізім.
Қадірді біліп сыйласаң,
Арқа,басымды сипасаң,
Қияға тартар арбаңды
Мен қайратты өгізің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері