Халқымның аузын тұшыттым – Базар Оңдасұлы

Бұл бетте «Халқымның аузын тұшыттым» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3399
Тереңдігім - теңіздей,
Қайратым - қоңыр өгіздей!
Дұшпанды талай матадым -
Тізесінен тебіздей.
Халқымның аузын тұшыттым -
Сере шыққан семіздей.
Дабысым кетті алысқа -
Жиреншенің өзіндей.
Өлшеулі болды Тәңірімнің
Ешкім ара тұрған жоқ,
Несібемді жегізбей.
Бір есіткен сөзімді
Тарқамады құмары
Ғашық боп Мақпал - Сегіздей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері