Өлең, жыр, ақындар

Өмір мәні неде?!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Өмір мәні неде?!

Өмір мәні неде мына біз үшін?
Оқу,тоқу және жақсы маман болу.
Ал өзгелерге өмір мәні деген не?
Қайтіп түсінер, олар өмір мәнісін?
Әрине біреу үшін бала-шаға үй-қамы.
Біреу үшін қолда бар көп байлығы,
Ал енді біреу тек өзі үшін өмір сүрер,
Сұлулық деп өмірін құр өткізер!?
Біреулерге із қалдыру, ұрпағың сені білсін деп,
Бала-шағаң құрмет сені тұтсын деп.
Ал шын мәнінде өмір мәні мынада,
Жақсылап түр құлағыңды тыңда да,
Ошаққасы отбасың, сенің алтын ұяң,
Үйдегі үнемі сені ойлап жүргең анаң,
Күні-түні тынбай, еңбектеніп жүрген әкең,
Бауырларың - сенің жарты бөлшегің,
Осылар ғой өмірдің шын мәнісі.
Е халайық өміріңді құр өткізбе,
Уақыт зырлап өтеді құр бекерге.
Бар кезіңде өміріңді бағала,
Сын сағатта сүрінбей сен құлама.
Гүлдей болып, жайнап тұрған әсем қалаңда,
Бар жағдайың жасалған үй-аулаңда.
Оқуға көп көңіл бөл сен қара да, Ұрланбас мәңгі құнды қазына.
Ата-анаңа жағдайын сен жасап қой,
Анда-санда көңіл үшін сыйлықта сен сыйлап қой.
Күлдіріп жүр ешқашанда мұңайтпа,
Ата-анаң үшін бар бақыты бала ғой,
Қалғаны бос әурешілік, дүние
Алдамшы зат, қалады бәрі артыңда.
Бұл дүниеде тек бағалы ол – отбасы
Қиын күнде демеу берген ошаққасы.
№52 М. Өзтүрік атындағы
жалпы орта мектептің
9 «А» сынып оқушысы
Умирзақ Мөлдір Жанибекқызы


Пікірлер (1)

Сангина

Рақмет сіздерге

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір мәні неде?! өлеңінің авторы кім?

moldirumirzak — осы өлеңнің авторы.

Өмір мәні неде?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өмір мәні неде?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде moldirumirzak өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмір мәні неде?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.