Жаңатас
Қаратау, бауырың ыстық, қойының құт,
Бүгінгі мерекеңде ағылды жұрт.
Құрметтеп саған келген барша халық,
Арнады өз арнауын ерекше қып.
Қазыналы Қаратау етегінде,
Тараған текті адамдар күнде-күнде.
Жаралған сол киелі топырақта,
Сәуледей жез таңдайлы күміс үн де.
Аңыздан тау-тасының түйін түйген,
Тарихынан сыр шерткен әсем күймен.
Бірінен бірі асар күйшілерден,
Ықыласты өзіме үлгі көрем.
Маралтай шыңыңдағы жас маралың,
Ерке өсірдің бетінен жасқамадың.
Сол жас Марал бүгінде кемел ақын,
Өлең сөздің тұрғызған тас қамалын.
Иісі қазақ жұртына аты таныс,
Тараған Қаратаудан даңқы алыс.
Қазақтың қара нары қайыспайтын,
Асанәлі перзентің ол да аңыз.
Бауырыңда жас балаң Жаңатасың,
Бүгінде тойлап жатыр жаңа жасын.
Ағылып ойдан, қырдан келіп қалдық,
Сөзбенен балқытуға қара тасын.
Дамуға айқара ашқан тас қақпасын,
Өркею - бүгін сенің бас мақсатың.
Жаһандық жаңалыққа жаның құмар,
Жаңарған жаңа қала жақсы атың.
Кеншілерің түн қатып, тау асады,
"Фосфорит" дамуыңа жол ашады.
Керегесін кең жайып,бой көтерген,
Жаңатас-кең даламның болашағы.
Жасыл қала,таза қала бағы бар,
30 мыңға жуық халық саны бар.
Фосфор үшін құрылған бұл қаланың
Арман қала деген аты тағы бар.
Құтты болсын жаңа жасың, Жаңатас!
Жарқын өмір, болашаққа аралас!
Жүрегімнен шыққан балғын жырымнан,
Шашу шашпай жатсам
бүгін жарамас.
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі