Дариға, сол қыз – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Дариға, сол қыз» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5984
Өңімде ме еді, түсімде ме еді,
Көріп ем ғой бір армандай қызды.
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.
Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,
Тулады толқын, шайқылды шың-құз..
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!

Оқ тиді келіп, қайратым кеміп,
Барамын сөніп, келмейді өлгім!
Тұрғандай сол қыз жаныма келіп,
Талпына берді қайран жас көңілім!
Барамын сөніп, барамын сөніп
Жұтар ма мені мына сұм соғыс?
Арманым бар ма, өлсем бір көріп,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
Келмейді өлгім, келмейді өлгім,
Қайратым қайда, келші осындайда,
Дедім де тұрдым, жүгіре бердім,
Қолымда найза, шағылып айға...
Жеңдікқой жауды, арманым не, құрбым,
Күркіреп күндей өтті ғой соғыс.
Таба алмай жүрмін, айқайлап ән сап,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дариға, сол қыз өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Дариға, сол қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дариға, сол қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дариға, сол қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері