Қазақтың Шерағасы

Бұл бетте «Қазақтың Шерағасы» атты Арман Аружан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шер-ағам жолбарыстай өткір көзің,
Тесердей тас кеудені отты сөзің.
Бойыңда тылсым күш бар құдіретті,
Тамұққа төтеп берер темір төзім.

Жаралғансың жалыннан сөз бағына,
Кеудең толы сарқылмас мол қазына .
Еңбекпен, адалдықпен ғұмыр кештің,
Айтпадың еш пендеге бір базына.

Қамқоры аға, іні, қарындастың,
Бұл күнде сол ісіңді сағынбас кім?!
Оралхан, Мұхтар ақын, Фаризаның,
"Лениншіл жасқа" әкеп бағын аштың.

Жаудың ұлы десе де тұралатып,
Тұрардың да тірілттің Тұрар атын.
Қыңбай жаздың өлшеусіз ер қызметін,
Қатал билік болса да "сұралатын".

Жерің жоқ қиындықтан қырын қашқан,
Телеарнаның ғажайып сырын аштың,
Жасаған ірі жобаң - "Таңшолпаның",
Әр таңда қазағыңа нұрын шашты.

Еңбегіңнің жемісін халық көрген,
Айналдым өзіңіздей даңқты ерден.
Есіміңіз қазақтың тарихында,
Мәңгі қалды сом алтын әріптермен.

Жалған сөздің ешқашан жанбас бағы,
Ақиқаттың ашық қой мәңгі аспаны.
Ел үшін еміреніп қалам тарттың,
Ар-намыс, адалдықтың алдаспаны.

Қиядан шалатұғын қыран едің,
Қасиеттің, намыстың тұрағы едің.
Әттең, дүние, өткінші "бір кем дүние"
Елеңдеп сені жоқтап тұрады елің.

Қиядан шалатұғын қырағы едің,
Қара сөздің дес бермес пырағы едің.
Шер аға өлкеңізде өзіңіздей,
Бой түзеп өсіп келед мұрагерің.
Әлімше баптап бүгін топқа қостым,
Тәй басқан өлеңімнің Құлагерін.


Пікірлер (1)

Гүлден

Көңілімнен шықты

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың Шерағасы өлеңінің авторы кім?

Арман Аружан — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың Шерағасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың Шерағасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арман Аружан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың Шерағасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері