Мәңгілік от – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мәңгілік от» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2762
(аударма)

Мәңгілік от қызыл жалын лаулаған
ұшқынындай жарқыраған көздердің.
Мәңгілік от — Күн нұрынан аумаған
ескерткіші жалындаған кездердің.
Күнде өтемін мәңгілік от жанынан,
жүрегіме саркылмайтын нәр алып.
Мәңгі бақи өшпейтін бұл жалыннан
батырлардың даңқы жятыр таралып.
Қорғағандар туған жердің намысын,
аңыз болып қалды бізге от күндер.
Жер үстінде ұрпақтардың бағы үшін
тіршіліктің отын жағып кеттіңдер.
Мәңгілік от, сөнбе, сөнбе, алаула —
жайып жатсың сен ерлікті ғажайып.
Мен келемін жалыныңа қарауға
жүрегімде кетсе жылу азайып.

ГҮЛСАЙРА МОМУНОВА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік от өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік от өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік от өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік от өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері