Түнді кінәла, бәрібір күнді кінәла –
Әбілда Аймақ
Бұл бетте «Түнді кінәла, бәрібір күнді кінәла» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түнді кінәла, бәрібір күнді кінәла,
Бұл өмірдің қалады сұмдығы ғана.
Ерегіскенде не табам пиғылы жатпен,
Болғаннан соң жүрегі, кіндігі қара.
Бүгін де үйдің кезекті қызынды лаңы,
Қожайынның тағы да «бұзылды қаны»
Итіне дейін басынып, сирақтан тістеп,
Безеубеттер бүйірден бізін тығады.
Қақталған күнге жаным да терідей еді,
Өмірдің мендік өзгермес өлідей өңі.
Сайқалданған бойжеткен сызданып тұрып,
Сағызын шайнап әйнекке бедірейеді.
Дән емес пе екем суыққа үсіп, өнетін,
Қызық күн қайда, Құдай-ау түсіме енетін?
Олай да бұлай мойынды бұрғызбай әсте
Осы шығар у деген ішіп өлетін.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі