Аяулы әнім - мектебім
Бұл бетте «Аяулы әнім - мектебім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мейірімді шапағатын тербеткен,
Арманға асқар құлашымды серметкен.
Мен бақытты балдырғаның саяңда,
Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.
Қайырмасы:
Аяулы әнім — мектебім,
Шуағыңда көктедім.
Жүрсем-дағы қай жерде
Қиялымнан кетпедің.
Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,
Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.
Әліппені жаттатқызған,ұстазым,
Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.
Қайырмасы:
Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,
Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.
Саған деген махаббатым – әнімді
Асқақтата шырқай салып жүремін.
Кайырмасы:
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі