Қыңыр – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қыңыр» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 739
Бағып оның қабағын,
Берсе-дағы мадақтап,
Өз үйiнiң тамағын
Iшпейдi ол алақтап.
Ал басқа үйге барды ма,
Өлiп-өшiп iшедi.
Тамақ келсе алдына,
Қара терге түседi.
Асын iшiп алаңсыз,
Ұмытады ұятты.
Ата-анасы амалсыз
Қызартады қулақты.
Жақтырмайтын сонысын,
Өзi сондай қаскүнем.
Басқа үйде ол үшiн
Тəттi болар ас кiлең.
Осы қыңыр күн сайын
Тойсын десең тамаққа,
Қыдырыстап үй сайын,
Жүру керек қонақта.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыңыр өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қыңыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыңыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыңыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері