Өлең, жыр, ақындар

Әкенің сабағы

  • admin
  • 28.12.2023
  • 0
  • 0
  • 1549
Əкеге келiп баласы,
Көрсеттi қолы iскенiн.
– Папа, сен, мiне, қарашы,
Масалар менi тiстедi.
Əкесi күлiп түзеттi:
– Тiстедi деме –
Шақты де.
Шақпайды иттер –
Қапты де,
Қаппайды мысық –
Тырнайды...
Қайтедi жүйрiк атты де:
Атты жүгендейдi.
Атты ауыздықтайды.
Атты байлайды.
Атты кiсендейдi.
Атты шылбырлайды.
Атты қаңтарады.
Атты қамшылайды.
Атты қосақтайды.
Атты ойнақтатады.
Атты аунатады.
Атты күзейдi.
Атты жаратады.
Атты жетектейдi.
Атты жарыстырады.
Атты сүрiндiредi.
Атты ақсатады.
Атты жығады.
Атты мертiктiредi.
Атты қағады.
Атты ерттейдi.
Атты сатады.
Атты жемдейдi.
Атты қамайды.
Атты тасиды.
Атты мiнедi.
Атты ырғытады.
Атты шаптырады.
Атты тұсайды.
Атты аяңдатады.
Атты қарғытады.
Атты шомылдырады.
Атты суытады.
Атты қосады.
Атты жаяды.
Атты жегедi.
Атты сояды.
Атты жабулайды.
Атты арқандайды.
Атты желдiредi.
Атты шоқырақтатады.
Атты бағады.
Атты тағалайды.
Атты суғарады.
Атты айдайды.
Атты қуады.
Атты қайырады.
Атты ұстайды.
Атты семiртедi.
Атты арықтатады...
Тағысын-тағы, тағы бар.
Айтсақ көп-ақ əлi де,
Бiлуiң керек бəрiн де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әдеп

  • 0
  • 0

...Тық-тық ұрды,
Тыңдап тұрды.
– Бұл кiм?
– Менмiн.

Толық

Түйе неге көңілсіз?

  • 0
  • 0

Ой-һой, шiркiн, көктем,
Салтанатты неткен!
Жатыр əне – мысық,
Баурында төрт мысық.

Толық

Жылқы неге мақтаншақ емес?

  • 0
  • 0

Есек айтты: – Мен деген асылмын, – деп,
Сахараның еркесi Қашырмын, – деп.
Қашыр айтты: – Жапанда желқұйын боп,
Ескен желмен жарысар жылқымын, – деп.

Толық